«Сана» зияткерлік орталығының  онлайн порталында инклюзивті білім берудің негіздері мен принциптері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Оқу процесінде инклюзивтілік қағидаттарын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 24 қыркүйек сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

         Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат  басымдықтарын жүзеге асыру;

2. Инклюзивті білім берудің аспектілері: инклюзивті мәдениет, саясат және практика;

3. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

          Семинардың спикері Исмагулова Светлана Кужаковна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының бас сарапшысы. Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде, Ақмола технология және бизнес университетінде, Еуразия гуманитарлық институтының колледжінде оқытушылық қызмет атқарды. 2014-2018 жж. аралығында Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Сербия елдерінде халықаралық тағылымдамалардан (тәжірибе алмасу бойынша сапарлар, жазғы мектептер, конференциялар, семинарлар) өтті.

Семинардың  құны  3000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.