«Сана» зияткерлік орталығының  онлайн порталында педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар, түзету педагогтері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарының  оқушылармен жұмыс барысында жеке бағдарламаларды құру ерекшеліктерін қарастыру мақсатында «Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау және білім беру ұйымдары жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

 - қазақ тілінде – 26 тамыз сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1 Білім беру мекемелері жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау.

2.Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны.

3.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. 

 

«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    16 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

Семинардың спикері Сейтжапарова Асия Сейтгалиевна, Тараз қ.  «Intellectum Тараз» балалар орталығында  психолог, инклюзивті балалармен жұмыс жасайтын нейропрактик, нейропсихолог. Воронеж қаласындағы NLP технологиялар орталығында: «НЛП-практика» оқыту бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа форматтағы тренер» оқу бағдарламасы, «Erickson College International: Certificate of Completion» (Германия) нейропсихология бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер.

          Семинардың  құны  2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.