«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында жалпы білім беретін   мектеп мұғалімдерінің сандық сауаттылығын дамыту мақсатында  «WOOCLAP, MIRO, WORDWALL, MENTIMETER, TRELLO қызметтері арқылы оқытуды қызықты және өнімді ету» тақырыбында тегін  республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 30 қараша сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Қосымшалардың негізгі функциясын түсіндіру.

2. Қосымшаларға тіркелу, іске қосу және ашу.

3. Қосымшалардатапсырма құру, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру.

 

          «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі. Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

          Семинардың спикері Избасаров Ербол Хусаинович, «Өрлеу БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша  филиалы ПҚ БАИ  инновациялық білім беру және ақпараттандыру технологиялары кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, Оңтүстік Корея Республикасы «Білім беру ұйымдарындағы электронды оқыту (E-Learning)  жүйесін басқаруды оқыту технологиясы», робототехника,  3D принтер сертификаттарының иегері. Жанартылған білім беру бағдарламасы бойынша  информатика  пәні  тренері .

          Семинар   тегін. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін  ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.