«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне бөлім, тоқсан бойынша тапсырмаларды әзірлеу тәсілдерін үйрету мақсатында  «БЖБ мен ТЖБ  тапсырмаларын әзірлеу  және  ұйымдастыруға  қойылатын талаптар» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 18 қараша сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Бағалау ерекшеліктері.

2. Тапсырмаларды әзірлеу тәсілдері (бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері, дескрипторлар, кері байланыс).

3. Тапсырма мәтінін құрастыруға қойылатын талаптар.

4. Ашық түрдегі тапсырмалар (қысқаша және толық жауапты талап ететін тапсырмалар).

5.Бөлім бойынша жиынтық бағалау: әзірлеу процесі, дескрипторлар мен рубрикаларды әзірлеу.

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау: әзірлеу процесі, балл қою схемасын жасау, модерация.

          «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың авторлық әдістемелері беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

          Семинардың спикері Бактыбаева Кулизат Сагынгалиевна,  Халықаралық Тараз инновациялық институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты. Назарбаев Зияткерлік мектептері "ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп ұйымдастырған" Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және болашақ "атты ІІІ республикалық семинары, "Билингвалды және көптілді білім берудің инновациялық технологиялары мен құралдары"халықаралық семинары, "ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беретін оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері" сертификаттар иегері.

          Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.