«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына, балабақша әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған заманауи педагогикалық технологияларды зерделеу мақсатында  «Заманауи педагогикалық технологиялар және балалардың ерте даму әдістемелері және оларды мектепке дейінгі ұйымдарда оқу процесіне енгізу. Сингапур ұлттық білім беру жүйесінің тәжірибесі» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде –03 қыркүйек сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Заманауи ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану ерекшеліктері.

2. Балалардың ерте даму әдістемелері және олардың бала психикасына әсері.

3. М.Монтессори әдістемесінің тиімділігі.

4. «StepbyStep», Н.Зайцеваның, Г.Альтшуллердің, В.Воскобовичтің әдістемелерінің үқсастығы және ерекшеліктері.

5. Сингапур ұлттық білім беру жүйесінің тәжірибесінің құндылықтары.

 

          «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың авторлық әдістемелері беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

          Семинардың спикері – Сейтжапарова Асия Сейтгалиевна, Тараз қ.  «Intellectum Тараз» балалар орталығында  психолог, инклюзивті балалармен жұмыс жасайтын нейропрактик, нейропсихолог. Воронеж қаласындағы NLP технологиялар орталығында: «НЛП-практика» оқыту бағдарламасы бойынша, Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа форматтағы тренер» оқу бағдарламасы бойынша, «Erickson College International: Certificate of Completion» (Германия) нейропсихология бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер.

          Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.