«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында білім жүйесі  кітапханаларының жұмысын жаңа тәсілдерге бағдарлау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында  «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы  мектеп  кітапханалары қызметін ұйымдастырудың  инновациялық тәсілдері» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

   - қазақ тілінде –19 тамыз сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері.

2. Балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығы және кітап оқу мәселелері.

3. Тұлғаны дамытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың үйлесімділігі, білімді ұрпақ тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі  және «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде жүргізу.

4. Кітапхана жұмысын автоматтандыру процестерін жетілдіру.

 

          «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

   Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың авторлық әдістемелері беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

          Семинардың спикері  Карабалаева Назерке Алимбайкызы, «Өрлеу БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша  филиалы ПҚ БАИ  кітапханашысы, тест тапсырмаларының сарапшысы, Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагогикалық қызметіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталған, «Кітапхана қызметіндегі ғылым және білім беру үдерісін ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді жолдары» тақырыбында  мақаласы баспаға шыққан.

          Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.