«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту   мақсатында  «Жаңартылған білім беру мазмұнында химия пәні бойынша  оқыту процесін жобалау» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

   - қазақ тілінде –05 тамыз сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Химия пәнін оқыту күрделілігі жоғары тапсырмаларды меңгертуде нені ескеру керек.

2. Мұғалім тапсырмаларды құрастыру кезінде неге сүйену қажет.

3. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру кезінде мұғалімге не қажет , не туралы ойлайды.

4. Сыртқы жиынтық бағалауды  жүргізу.

5. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

 

          «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

          Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың авторлық әдістемелері беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

Семинардың спикері Кошкимбаева Жанар Сыихынбаевна, «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша  филиалы ПҚ БАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының  аға оқытушысы,   деңгейлік   бағдарлама орталығының  III деңгейлі тренері, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша: «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері  тренері.

          Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.