«SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында әлеуметтік педагог өз жұмысының моделін  меңгеруі; мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттарын анықтау; өз жұмысының бағытын түсініп, жүйелі жоспарлауына әдістемелік көмек көрсету  мақсатында «Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 15  сәуір сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттар.

2. Әлеуметтік педагог қызметінің мақсаты мен міндеті.

3. Әлеуметтік педагогтің жұмысы туралы.

4. Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесі (өз тәжірибемнен).

 

Семинардың спикерлері:

Назарбаева Жаныл Кайырбековна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ директоры, вариативтік пәндер бойынша «Сапалы есеп», «Кеңейтілген математика» бағдарламаларының авторы.

Турганбаева Назым Сейткешовна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ әлеуметтік педагогы.

Семинар барысында үлестірме материал таратылады және қолданбалы әдебиет ұсынылады.

Семинар құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін ұйымдастырушымен хабарласып, сайтта тіркелу қажет: www.sana-iq.kz

 

Байланыс тел: +7 7084251806, +77084251805.