«SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында оқушыларды үйде жеке оқытуды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Үйден оқитын балалардың оқуын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

    - қазақ тілінде – 8 сәуір сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Үйде оқыту процесінің  нормативтік-құқықтық негіздері.

2. Үйде оқытуды ұйымдастыру  ерекшеліктері.

3. Үйден  білім беру процесіне қатысушылар, қызметтері мен міндеттері.

4. Үйде оқитын білім алушылардың  оқу  нәтижелерін бағалау.

5. Үйде оқыту мектепішілік бақылау объектісі ретінде.

 

Семинардың спикерлері:

Назарбаева Жаныл Кайырбековна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  директоры, педагог-зерттеуші; халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпазы, іс- тәжіриебесін облыс, қала   деңгейінде    таратып   жүрген   шығармашыл педагог. Бірнеше әдістемелік нұсқаулықтардың авторы.

Кайсанова  Кымбат Каирбековна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, «Іс тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша мектеп тренері, «Логика», «Мен – зерттеушімін» 1-4 сыныптардың вариатив пәндеріне арналған авторлық бағдарламаларының және «Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік құралдарының авторы.

Семинар барысында үлестірме материал таратылады және қолданбалы әдебиет ұсынылады.

Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.