«SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында робот техникасын оқыту сапасын арттыру мақсатында «Робот техникасын қашықтықтан оқыту және чемпионаттар мен жобалық жарыстарға дайындық» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 11 наурыз сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Робот техникасын білім беруде қолданудың негізгі аспектілері.

2. Онлайн-платформаларды қолдану. Виртуалды робототехника.

3. Робо спорт: «Кегльринг», «Линиямен жүретін машина», «Робот сумо». Классикалық чемпионаттарға дайындық.

4. Жоба конкурсына дайындалуда тартымды презентациялар құру.

5. Пайдалы материалдар.

 

Семинардың спикері – Габитова Жадыра Шакарбековна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ жоғары санатты информатика пәні мұғалімі. «KazRobotics-2019» облыстық жеңімпаздарын, «IT-жобалар» байқауында «3D-модельдеу» қалалық, облыстық, республикалық жеңімпаздар дайындаған.

Семинар барысында үлестірме материал таратылады және қолданбалы әдебиет ұсынылады.

Семинар құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін ұйымдастырушымен хабарласып, сайтта тіркелу қажет: www.sana-iq.kz

 

Байланыс тел: +7 7084251806, +77084251805