«SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өз Отанының патриоты болуға лайық қасиеттерге ие жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- қазақ тілінде – 29  қаңтар сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Жасөспірімдерді өзінің еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, патриоттық тұрғыда дамытудағы педагогтардың негізгі міндеттерін көрсету;

2. «Жас Сарбаз» сыныптарының тәрбиешілерін әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі қағидаларымен таныстыру;

3. ШҚО, Семей қаласы, Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының жасөспірімдерді әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісу.

Семинардың спикері – ШҚО, Семей қаласы, Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты басшысының кәсіби даярлық жөніндегі орынбасары майор Махметов Сарқытбек Сайынович.

 

Семинар барысында үлестірмелі материалдар мен әдебиеттерді пайдалану бойынша ұсыныстар қарастырылған.

Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтына тіркеліп, өтінімді толтыру қажет (нысан қоса беріледі).

Байланыс тел: +77084251805 +77084251806, +77053403254,