«SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында техникалық және кәсіптік білім беру мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Эмоционалдық зияткерлік колледж оқытушысының кәсіби дамуының  шарты ретінде» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

- орыс тілінде – 24 маусым сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін;

- қазақ тілінде – 25 маусым сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1) эмоционалды зияткерлік: педагог үшін жаңа ресурс әлде жаңа талап па;

2) эмоционалды зияткерлік: неліктен ол IQ-дан да маңызды болып келеді;

3) колледж студенттерінің кәсіби жетілуіндегі эмоционалдық зияткерліктің рөлі;

4) рухани-адамгершілік тәрбие – педагогтердің  ішкі ресурстарын арттырудың тиімді жолы (Ш.А. Амонашвилидің семинар мен еңбектері негізінде);

5) әр күнге берілетін тәжірибелік кеңестер;

6) оқу-тәрбие  қызметі үдерісінде педагогтердің  өзін-өзі дамыту  мен өзін-өзін реттеу дағдылары.

 

Семинар барысында үлестірме материал таратылады және қолданбалы әдебиет ұсынылады.

Семинар құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін ұйымдастырушымен хабарласып, сайтта тіркелу қажет: www.sana-iq.kz

 

Байланыс тел: +7 7084251806, +77084251805, +77053403254